Праймериз: Атырауда үгіт-насихат басталды

Праймериз: Атырауда үгіт-насихат басталды

Праймериз: Атырауда үгіт-насихат басталды
ашық дереккөзі
7 қыркүйектен бастап праймериз үміткерлерінің үгіт-насихат жұмысы басталды. Оның ішінде жария пікірсайыстар – 14-30 қыркүйек аралығында болады. Кандидаттардың партия мүшелерімен кездесулері әлеуметтік желілерде бейнеконференция арқылы, ашық алаңдарда немесе желдетілетін үй-жайларда қатысушылар арасындағы қашықтықты сақтап, маска таға отырып, өтеді. Кандидаттардың жария дебаттары Атырау облысы бойынша 39 объектіде онлайн-форматта және әлеуметтік аралықты сақтай отырып өткізіледі. Жалпы, «Праймериз» ақпараттық жүйесі партияішілік іріктеудің барлық кезеңін өткізуге мүмкіндік береді, оның ішінде тіркеуді, үгітті және дауыс беруді онлайн режимді өткізуге болады. Праймериздің ұйымдастыруға қатысты тұстары жайлы primaries.kz және nurotan.kz сайттарынан толығырақ таныса аласыз. Партияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, праймериз өткізу, сондай-ақ кандидаттарға ұйымдастырушылық және құқықтық қолдау мәселелері бойынша: 8 701 415 33 94 8701 316 38 16 87013245335 8 7122 27 00 43 арнайы жедел желі іске қосылған