Праймериз: Павлодарлық үміткерлер өз бағдарламаларын таныстыра бастады
Праймериз: Павлодарлық үміткерлер өз бағдарламаларын таныстыра бастады
7 қыркүйектен бастап еліміздің барлық өңірінде праймериздің үгіт-насихат кезеңі басталды. Павлодар облысы бойынша 612 үміткер бақ сынамақ. Кандидаттар 30 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу шарттарымен танысты.
Бүгіннен бастап үміткерлердің алғашқы легі бастауыш партия өкілдерінің алдында өз бағдарламаларымен таныстыру жұмыстарын бастады. Бұндай кездесулер үміткерлерге өз бағдарламаларын барынша кең насихаттауға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, облыс бойынша барлығы 237 бастауыш партия ұйымы бар. Алда ұйым өкілдерімен кездесулер жоспарланған.