Праймериз: Павлодарлық үміткерлер өз бағдарламаларын таныстыра бастады

Праймериз: Павлодарлық үміткерлер өз бағдарламаларын таныстыра бастады

Праймериз: Павлодарлық үміткерлер өз бағдарламаларын таныстыра бастады
ашық дереккөзі
7 қыркүйектен бастап еліміздің барлық өңірінде праймериздің  үгіт-насихат кезеңі басталды. Павлодар облысы бойынша 612 үміткер бақ сынамақ. Кандидаттар 30 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу шарттарымен танысты. Бүгіннен бастап үміткерлердің алғашқы легі бастауыш партия өкілдерінің алдында өз бағдарламаларымен таныстыру жұмыстарын бастады. Бұндай кездесулер үміткерлерге өз бағдарламаларын барынша кең насихаттауға мүмкіндік береді.  width= – Біз бастауыш партия ұйымдары өкілдері атынан үгіт-насихат жұмыстарының жоғары деңгейде өткізіліп жатқанын атап өткіміз келеді. Барлық техникалық және ақпараттық құралдар қолданылуда. Кандидаттар өз сайлауалды бағдарламаларын түсінікті жеткізуде, біз өз тарапымыздан партия мүшелерімен бөлісетін боламыз, - деді «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-нің бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары Сергей Шипилов.   width= Айта кетейік, облыс бойынша барлығы 237 бастауыш партия ұйымы бар. Алда ұйым өкілдерімен кездесулер жоспарланған.