Праймериз: Павлодарлық үміткерлер өз бағдарламаларын таныстыра бастады

7 қыркүйектен бастап еліміздің барлық өңірінде праймериздің  үгіт-насихат кезеңі басталды. Павлодар облысы бойынша 612 үміткер бақ сынамақ. Кандидаттар 30 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу шарттарымен танысты.

Бүгіннен бастап үміткерлердің алғашқы легі бастауыш партия өкілдерінің алдында өз бағдарламаларымен таныстыру жұмыстарын бастады. Бұндай кездесулер үміткерлерге өз бағдарламаларын барынша кең насихаттауға мүмкіндік береді.

WhatsApp Image 2020 09 07 at 19.39.58

– Біз бастауыш партия ұйымдары өкілдері атынан үгіт-насихат жұмыстарының жоғары деңгейде өткізіліп жатқанын атап өткіміз келеді. Барлық техникалық және ақпараттық құралдар қолданылуда. Кандидаттар өз сайлауалды бағдарламаларын түсінікті жеткізуде, біз өз тарапымыздан партия мүшелерімен бөлісетін боламыз, – деді «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-нің бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары Сергей Шипилов. 

WhatsApp Image 2020 09 07 at 19.40.04

Айта кетейік, облыс бойынша барлығы 237 бастауыш партия ұйымы бар. Алда ұйым өкілдерімен кездесулер жоспарланған.

Back to top button