Алматыда жоғалып кеткен 2 жасар бүлдіршін табылды

Алматыда жоғалып кеткен 2 жасар бүлдіршін табылды

Алматыда жоғалып кеткен 2 жасар бүлдіршін табылды
ашық дереккөзі
Алматы полициясы жоғалып кеткен 2 жасар баланы тауып, ата-анасына тапсырды. Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, полицияның кезекші пультіне Бекмаханов пен Сүйінбай көшесінің қиылысында орналасқан жанармай құю бекетінің жанынан екі жасар баланың қараусыз жүргендігі туралы хабарлама келіп түсті. «Бүлдіршінді тауып алған адамдардың айтуынша, ұл бала өзі туралы ештеңе айта алмаған. Дабылға бірінші болып № 92 ППБ учаскелік полиция инспекторлары жауап берді. Алдымен жақын маңдағы жеке секторды, тұрғын ауданды тексерді. Тұрғындармен сұхбат жүргізілді. Тұрғындардың бірі сәбиді таныды. Оның есімі – Андрей. Біздің қызметкерлер әйелдің көмегімен баланың туыстарын тапты. Андрюшаның анасы өз кезегінде поштаға аз уақытқа кеткенін және ұлын үлкен қызына қалдырғанын айтты», – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев. Өз кезегінде, баланың анасы полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді. «Мен бүгін баламнан көз жазып қалдым.Түрксіб ауданының полиция қызметкерлері мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың арқасында ол аман-есен табылды. Рахмет», – деді Андрейдің анасы.