Баспана кезегінде тұрғандарға арендалық субсидия беру шарттары қандай – министр түсіндірді

Баспана кезегінде тұрғандарға арендалық субсидия беру шарттары қандай – министр түсіндірді

Баспана кезегінде тұрғандарға арендалық субсидия беру шарттары қандай – министр түсіндірді
ашық дереккөзі
Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баспана кезегінде тұрған азаматтардың арендалық төлемін субсидиялау механизмдері қалай жүзеге асырылатынын түсіндірді. «Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, тұрғын үй қорының 30 пайызы – арендалық үйлер. Қазақстанда бұл көрсеткіш 1,7 пайызды құрап отыр. Қазіргі уақытта кезекте тұрған азаматтардың саны - 530 мың. Бұл ретте, тұрғын үйді жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау көзделген. Жұмыс көлемін мемлекеттік органдармен қарастырып жатырмыз. Бұл, шамамен 70-80 пайыз... Сонымен қатар атаулы көмекті «Отбасы банк» айқындайтын болады. Олар Қазақстанда тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтардың реестрін түзеді», - деді министр. Министрдің айтуынша, арендалық субсидияға қол жеткізуге ниетті азаматтың күнкөріс минимумына тең кірісі болуы керек. «Бүгінгі таңда ол сома – 32 668 теңгені құрайды. Жалға беру уақыты – 5 жыл. Пәтерге мұқтаж азаматтың мәртебесі айқындалуы тиіс. Одан бөлек, орташа аумақ 60 шаршы метрді құрайды. Яғни берілетін пәтердің көлемі 40-80 шаршы метр аралығында болады. Әр өңірдегі пәтерді жалға беру сомасы анықталады. Қазіргі уақытта бұл механизм мемлекеттік органдардың бәрімен талқылануда. 2020 жылдың соңына қарай механизмнің барлық параметрі «Нұрлы жер» бағдарламасымен айқындалады. Біз Үкімет қаулысы арқылы оны қабылдаймыз», - деді министр. Бейбіт Атамқұлов бұл мәселе тек мемлекеттік органдармен ғана емес, қоғам өкілдерімен де кеңінен талқыланатынын атап өтті.