Праймериз: Алматыда үгіт-насихат кезеңінің алғашқы күнінде 100-ден аса іс-шара өтті
Праймериз: Алматыда үгіт-насихат кезеңінің алғашқы күнінде 100-ден аса іс-шара өтті
Бүгін бүкіл ел бойынша партияішілік праймериз кандидаттары үгіт-насихат жұмыстарына кірісті.
Алматы қаласы бойынша үгіт-насихат жұмыстарына 230 үміткер қатысуда, оның ішінде 185 адам мәслихатқа, Мәжіліске 45 кандидат. Қаланың кейбір аудандарында бір депутаттық орынға 10-нан астам қатысушы үміткерлікте. «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуровтың айтуынша, қатысушылардың орташа жасы 42 жасты құрайды, оның ішінде әйелдер-81 (35,2%) 35 жасқа дейінгі жастар-72 (31,3%).
Алматы шағын және орта бизнес пен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің ішінен праймеризге қатысушылар санынан республика бойынша көш бастап тұр.
Бұдан бөлек, 14-30 қыркүйек аралығында Алматының әр ауданында праймериз қатысушылары пікірсайысқа қатысады. Ол үшін ашық түрде жеребе тастау және қатысушыларды бөлу жүргізіледі. Кезең 3 қазанға дейін жалғасады. Нәтижелер осы жылдың 5 қазанында белгілі болады.
Жеңімпаздар мәслихаттар мен Парламент депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерінде болады.