Праймериз: Алматыда үгіт-насихат кезеңінің алғашқы күнінде 100-ден аса іс-шара өтті

Праймериз: Алматыда үгіт-насихат кезеңінің алғашқы күнінде 100-ден аса іс-шара өтті

Праймериз: Алматыда үгіт-насихат кезеңінің алғашқы күнінде 100-ден аса іс-шара өтті
ашық дереккөзі
Бүгін бүкіл ел бойынша партияішілік праймериз кандидаттары үгіт-насихат жұмыстарына кірісті. Алматы қаласы бойынша үгіт-насихат жұмыстарына 230 үміткер қатысуда, оның ішінде 185 адам мәслихатқа, Мәжіліске 45 кандидат. Қаланың кейбір аудандарында бір депутаттық орынға 10-нан астам қатысушы үміткерлікте. «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуровтың айтуынша, қатысушылардың орташа жасы 42 жасты құрайды, оның ішінде әйелдер-81 (35,2%) 35 жасқа дейінгі жастар-72 (31,3%). Алматы шағын және орта бизнес пен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің ішінен праймеризге қатысушылар санынан республика бойынша көш бастап тұр.  width= «Қазіргі таңда Алматы қаласы шағын және орта бизнес субъектілері өкілдерінің саны бойынша көш бастап тұр. ШОБ секторы 53%-ды құрайды, бизнесте 122 праймериз қатысушы, ал үкіметтік емес ұйымдардан 33 адам өтінім берді, бұл 14,3% -ды құрайды» - деді «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров. Естеріңізге сала кетейік, кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен ZOOM арқылы онлайн-кездесулер, ашық алаңдарда немесе санитариялық нормаларды қатаң сақтай отырып, желдетілетін бөлмелерде офлайн-кездесулер арқылы жүргізілетін болады. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы филиалдарының ресми аккаунттары арқылы тікелей эфир өткізіледі.  width= Бұдан бөлек, 14-30 қыркүйек аралығында Алматының әр ауданында праймериз қатысушылары пікірсайысқа қатысады. Ол үшін ашық түрде жеребе тастау және қатысушыларды бөлу жүргізіледі. Кезең 3 қазанға дейін жалғасады. Нәтижелер осы жылдың 5 қазанында белгілі болады. Жеңімпаздар мәслихаттар мен Парламент депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерінде болады.  width=