Алдағы күндері елімізде күн жылынады

Алдағы күндері елімізде күн жылынады

Алдағы күндері елімізде күн жылынады
ашық дереккөзі
Қазгидромет 8-10 қыркүйек күндеріндегі ауа райына болжам жасады.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды.Республиканың орталығы мен шығысындағы аудандарда түнде және таңертең үсік жүреді. "Жерге жақын антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда, Қазақстанның орталығы мен шығысындағы жекелеген аудандарда түнде және таңертең үсік байқалады", - деп ескертті Қазгидромет. Синоптиктердің айтуынша, қазақстандықтарды күздің салқын түндері мен жылы күндері күтіп тұр.