Түркіменстанда індет жұқтырғанын жасырғандар бас бостандығынан айрылады

Түркіменстанда індет жұқтырғанын жасырғандар бас бостандығынан айрылады

Түркіменстанда індет жұқтырғанын жасырғандар бас бостандығынан айрылады
ашық дереккөзі
Бұдан былай Түркіменстанда қауіпті инфекциялық ауруларды емдеуден жалтарған азаматтар темір торға қамалады. Елдің Қылмыстың кодексіне тиісті өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды «Интерфакс». Өз дертін біле тұра ауруханадан қашып, өзге адамдардың денсаулығына қауіп төндіргендер екі жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Егер мұндай жағдай адам өліміне себепші болса,  жаза мерзімі бес жылға дейін ұлғаймақ. Ресми дерек бойынша бүгінгі күнге дейін Түркіменстанда коронавирус жұқтырудың бір-бір дерегі тіркелмеген. Мемлекет тұрғындары бетперде тағуға міндеттелген, сондай-ақ кәсіпорындардың жұмысына шектеу бар. Наурыз айында ел бигілі журналистерге «коронавирус» деген сөзді ауызға алуға тыйым салғаны жөнінде хабарланған болатын. Тіпті, бұл сөз денсаулық сақтау министрлігі оқу орындарына, ауруханалар мен кәсіпорындарға тарататын арнайы брошюраларда да қолданылмаған.