Астанада 30 шақырымнан астам жол жөнделеді

Астанада 30 шақырымнан астам жол жөнделеді

Астанада 30 шақырымнан астам жол жөнделеді
ашық дереккөзі
Биыл жалпы ұзындығы 33,87 шақырымды құрайтын 39 көшені жөндеу жоспарланған. Қазіргі кезде 20 көше - 16,6 шақырым жол қалпына келтірілді, 4 көше - 2,01 шақырым жол жөнделіп жатыр, деп хабарлады қала әкімінің ресми сайты. Бұл туралы елорданың көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі жөніндегі қоғамдық тыңдау барысында Астана қаласының автомобиль жолдары басқармасының басшысы Сымбат Мырзағұлов мәлім етті. - Біз қаланың ескі бөлігін жөндеп жатырмыз. Жангелдин, Мәскеу, 9 мамыр көшелері жөнделді. Алдағы уақытта Желтоқсан көшесін кеңейтіп, жөндеу және Әуезов көшесін жөндеу көзделген, - деді ол. Оның айтуынша, қалада мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйлер мен жаңа аудандар тез салынып жатыр, оларды пайдалануға беру үшін инженерлік желілерді тарту және өтетін жолдармен қамтамасыз ету қажет. - Тілендиев даңғылы ауданында ұзындығы 5,3 шақырым болатын төрт көше салу керек, атап айтқанда, Алматы, Жангелдин және Алматы-1 көшелері. Қошқарбаев, Жұмабаев көшелері ауданында жалпы ұзындығы 9,1 шақырым 7 көше салынады. 2017 жылы басқарма Мыңжылдық аллеясын дамытуды жоспарлап отыр, осы бағытта Ж. Нәжімеденов пен Байтұрсынов көшелері салынады, - деді Сымбат Мырзағұлов. Жыл сайын елордада орта есеппен 10 шақырым жол жаңадан салынады, қозғалыс жолақтары ұлғайтылып, жол төсемі қайта жөнделеді, 7 шақырым инженерлік желі жаңартылады. Қаладағы жалпы ұзындығы 1038,4 шақырымды құрайтын 953 көшенің 705,2 шақырымына, яғни 73,1%-ына асфальт төселген. С. Мырзағұлов өз сөзінде қазіргі кезде Комсомольский, Көктал-2, Оңтүстік-Шығыс (оң жағы), Тілендиев даңғылының оңтүстігіне қарай тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Құрылысы 2015 жылы басталған ғимараттарды аяқтау және 10,5 шақырым жол салу жоспарланған. Сондай-ақ, 2017 жылы Комсомольский, Оңтүстік-Шығыс, Көктал-1, Көктал-2, Интернациональный, Мичурино тұрғын алаптарында 10шақырым жол салу мен 25 жуық инженерлік желі тарту жұмыстары жалғасады. 2011-2016 жылдары Астана қаласында 101 шақырым жол салынып, 275,25 шақырым инженерлік желі тартылған. Күйгенжар, Қазақауыл, Пригородный, Казгородок, Қараөткел, Заречный және Промышленный тұрғын алаптарында тиісті жұмыстар аяқталды. Сонымен қатар, көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайту аясында Угольная к-сі, №14, №12 (Сарайшық) және Ш. Бейсекова көшесімен өтетін Кіші айналма жолдың құрылысы қолға алынды. Оның жалпы ұзындығы 35 шақырымды құрайды. Оған 7 жол айрық, 5 жол өтпесі, 1 көпір кіреді.