Жаңалықтар

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 27 миллионнан асты

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 27 миллионнан асты

Пандемия басталғалы әлемде індет жұқтырудың 27 миллионнан астам дерегі тіркелді. АҚШ-тың Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі осындай.

Қазіргі таңда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 27 003 973-ке жетіп отыр. Індетке шалдыққандардың саны жөнінен бірінші орында тұрған АҚШ-та 6 275 614 адам коронавирус жұқтырса, 4 137 521 тұрғынынан қатерлі вирус анықталған Бразилия екінші орында. Ал үшінші орында тұрған Үндістанда пандемия басталғалы 4 113 811 науқас тіркелген. Әлем бойынша індеттен айыққандар саны 18 054 580-ге жетсе, қатерлі вирус құрбандарының саны – 882 053. Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 60 адамнан коронавирус анықталды. Бүгінде ел стационарларында 5 мыңнан астам адам ем қабылдауда. Оның ішінде 140 науқастың жағдайы ауыр.