Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 27 миллионнан асты

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 27 миллионнан асты

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 27 миллионнан асты
ашық дереккөзі
Пандемия басталғалы әлемде індет жұқтырудың 27 миллионнан астам дерегі тіркелді. АҚШ-тың Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі осындай. Қазіргі таңда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 27 003 973-ке жетіп отыр. Індетке шалдыққандардың саны жөнінен бірінші орында тұрған АҚШ-та 6 275 614 адам коронавирус жұқтырса, 4 137 521 тұрғынынан қатерлі вирус анықталған Бразилия екінші орында. Ал үшінші орында тұрған Үндістанда пандемия басталғалы 4 113 811 науқас тіркелген. Әлем бойынша індеттен айыққандар саны 18 054 580-ге жетсе, қатерлі вирус құрбандарының саны – 882 053. Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 60 адамнан коронавирус анықталды. Бүгінде ел стационарларында 5 мыңнан астам адам ем қабылдауда. Оның ішінде 140 науқастың жағдайы ауыр.