Жаңалықтар

COVID-19: Елімізде 140 науқастың жағдайы ауыр

ашық дереккөзі

COVID-19: Елімізде 140 науқастың жағдайы ауыр

Денсаулық сақтау министрлігі 7 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавируспен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 5 073 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 30 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 863 науқас жатыр. 2 210 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 140 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.