Альварес – Сондерс жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін

Альварес – Сондерс жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін

Альварес – Сондерс жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін
ашық дереккөзі
Супер орта салмақта WBO белбеуінің иегері британдық Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) жақын арада мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (53-1-2, 36 КО) өтуі мүмкін деген кездесуге байланысты нақты жауап алғысы келіп отыр,  деп хабарлайды Vesti.kz vRINGe.com сайтына сілтеме жасап. Екі спортшы жыл соңына дейін жекпе-жек өткізеді деген ақпарат шыққан еді. Бірақ Альварес DAZN басшыларымен жанжалдасып қалған. Сол үшін биыл ол жекпе-жек өткізбеуі де мүмкін. Мұны Билли біледі екен. Дегенмен де, британдық боксшының айтуынша, бұл кездесу өтуі де мүмкін. Қазір келіссөз жүріп жатыр. Боксшының промоутері Эдди Хирн дүйсенбіге дейін нақты жауап беретінін айтыпты. Сондерс биыл бір кездесу өткізгісі келеді. Ол қазір айқастың қашан өтетінін күтіп отыр. «Бұл Хирннің кінәсі емес екенін білемін. Алайда, маған бір кездесу өткізу керек. Егер «Канеломен» келісе алмасақ, басқа жігіттермен кездесуге дайынмын. Мысалы, Каллум Смит немесе Деметриус Андраде», - деді британиялық боксшы. Сондерс 2019 жылдың қарашасынан бастап шаршы алаңға шықпады. Ол соңғы кездесуінде аргентиналық Марсело Косерасқа қарсы шығып, 11-ші раундта жеңіске жетті. Ал Альварес болса соңғы кездесуін былтыр қарашада Сергей Ковалевқа қарсы өткізіп, 11 раундта жеңген болатын. Бұған дейін DAZN «Канелоның» түркиялық боксшы Авни Йылдырымға қарсы кездесуіне рұқсат бермеді. Компания басшылары мексикалық боксшының атақты спортшыға қарсы шыққанын қалап отыр.