Ресейлік оқушыларға коронавирусқа тест тапсырмауға рұқсат берілді
Ресейлік оқушыларға коронавирусқа тест тапсырмауға рұқсат берілді
Оқу жылы барысында ресейлік оқушыларды коронавирусты анықтайтын тест тапсыруға ешкім мәжбүрлей алмайды. Бұл туралы елдің білім министрінің орынбасары Дмитрий Глушко мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.
Вице-министрдің айтуынша, білім ошақтарының кіреберісіндегі бақылауды күшейту арқылы дене қызуы жоғары оқушыларды дер кезінде анықтауға болады.
«Балалар арасында індет жұқтыру деректері аз. Сондықтан басты назарды мектеп қызметкерлеріне – мұғалімдер мен әкімшіліктегілерге аудару керек», - деді Глушко.
Министрдің орынбасары мұғалімдеді вакцинациялау ерікті түрде жүргізілетінін, екпе ешкімге мәжбүрлі түрде салынбайтынын атап өтті.
Еске сала кетейік, Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны әлемде алғашқы болып тіркеді.
Елдің денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, індетке қарсы препарат бірінші болып медицина қызметкерлері мен мұғалімдерге егіледі. Ал коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау қазан айында басталмақ.