Тағы бір мемлекет "Кавказ-2020" оқу-жаттығуларына қатысудан бас тартты

Тағы бір мемлекет "Кавказ-2020" оқу-жаттығуларына қатысудан бас тартты

Тағы бір мемлекет "Кавказ-2020" оқу-жаттығуларына қатысудан бас тартты
ашық дереккөзі
Әзербайжан Ресейдің «Кавказ-2020» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысудан бас тартты. Бұл туралы елдің қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС. Дегенмен Баку оқу-жаттығу жұмыстарына өз бақылаушыларын жіберуге ниетті. Әзербайжан «Кавказ-2020»-ға қатысудан бас тартқан екінші мемлекет болып отыр. 30 тамызда Үндістан да Ресейде өтетін оқу-жаттығу жұмыстарына қатыспайтынын хабарлаған. Мұның себебін әскери ведомстводағылар коронавирус пандемиясы салдарынан туындаған қиындықтармен байланыстырды. Нью-Дели өз шешімі жайлы Мәскеуді құлақтандырып, Ресей мен Үндістан сенімді стратегиялық серіктестер болып қала беретінін атап өтті. Айта кетейік, «Кавказ-2020» командалық-штабтық оқу-жаттығулары қыркүйекте Ресейдің оңтүстігінде өтеді. Бұған дейін жаттығуларға алты мемлекеттің топтарын қатыстыру көзделген, оның ішінде ШЫҰ және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдер де бар.