Биыл әлемдік туризм табысының 80 пайызынан қағылуы мүмкін

Пандемия дүниежүзілік туризмді тығырыққа тіреді. Індеттің таралуы салдарынан жаһан жұрты жылдағыдай алаңсыз саяхаттай алмады. Шекаралар бірнеше ай жабық тұрды, ішкі туризм де ақсады.

Биыл әлемдік туризмнің табысы 80 пайызға азаюы мүмкін. Бүкіләлемдік туристік қалалар федерациясының ұйымдастыруымен Пекинде өткен конференцияда осындай болжам айтылды.

«Әрбір мемлекет коронавирусқа қатысты шынайы ақпаратпен ашық бөлісуі қажет. Сонда ғана ахуалды анық байқап, таралу барысына бақылау орнатуға болады, әрі арнайы жүйе құрылуы керек. Өйткені барлық елдің коронавирусты жеңуге шамасы жете бермейді. Мықты мемлекеттер өз халқын қорғай алады делік, тұрмысы төмен елдер ше? Тіпті вирусқа тестілеу жағын алып қарайық. Бір елдер тез тексеріп, нәтижесін де қолма қол жарияласа, келесі баяу қимылдайды. Тест табыла салмайтын елдер де болуы мүмкін», – деді Бүкіләлемдік туристік қалалар федерациясы бас хатшысының  орынбасары Ли Баочунь.

Back to top button