Елімізде тағы 4 мың талапкерге қосымша грант тағайындалады

Елімізде тағы 4 мың талапкерге қосымша грант тағайындалады

Елімізде тағы 4 мың талапкерге қосымша грант тағайындалады
ашық дереккөзі
Қазақстанда 15 қазанға дейін тағы 4 мыңнан астам қосымша грант тағайындалады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов Facebook парақшасында хабарлады. "Орталық 15 қазанға дейін тағы 4 мыңнан астам отбасын қуантпақ. Оларға Үкімет қаулысы шыққаннан кейін қосымша гранттар тағайындалады", - деп жазды ол. Дидар Смағұловтың айтуынша, гранттар педагогикалық ғылымдар, АКТ, инженерлік, өңдеу мен құрылыс салалары, ауыл шаруашылығы және биоресурстар мамандықтарын қамтиды.