Жаңалықтар

COVID-19: Әлемде індет жұқтырудың рекордты көрсеткіші тіркелді

ашық дереккөзі

COVID-19: Әлемде індет жұқтырудың рекордты көрсеткіші тіркелді

Өткен тәулікте әлемде коронавирус жұқтырудың 304 626 жағдайы тіркеліп, антирекорд жаңартылды. Бұған дейін рекордты көрсеткіш 14 тамызда тіркелген болатын. Ол күні 304 351 адамнан індет анықталған. Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, пандемия басталғалы дүние жүзінде 26 748 637 адам коронавирус жұқтырған. Індетке шалдыққандар саны жөнінен көш бастап тұрған АҚШ-та 6,2 млн адамнан қатерлі вирус анықталса, екінші орында тұрған Бразилияда 4 миллионнан астам адам індет жұқтырған. Үшінші орында – Үндістан. Бұл елде де коронавирус жұқтырғандар саны 4 миллионнан асып жығылды. Індеттен көз жұмғандар саны жөнінен де осы үш мемлекет алда: АҚШ-та 188 514, Бразилияда – 125 521,Үндістанда 69 561 адам қайтыс болды. Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 76 адамнан коронавирус анықталып, қатерлі вирус жұқтырғандардың жалпы саны 106 301-ге жетті.  Індеттен айыққандар саны 100 мыңға жуықтады.