Аида Балаева «Қазақ газеттері» ұжымымен кездесті
Аида Балаева «Қазақ газеттері» ұжымымен кездесті
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Қазақ газеттері» ЖШС ұжымымен кездесу өткізіп, «Мысль» республикалық қоғамдық-саяси ғылыми-ағартушылық журналының 100 жылдығымен құттықтады, – деп хабарлады ведомствоның Telegram парақшасы.
Министр жиналғандарға мемлекеттік хатшы Қ.Көшербаевтың «Мысль» журналы ұжымына арнайы құттықтау хатын оқып берді.
Өз кезегінде, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева цифрлық технологиялар дәуіріндегі «Мысль» журналы халықтың сұранысқа ие басылымы болып қала беретінін, ұлттық сана мен рухани құндылықтарды қалыптастыру бойынша қоғамдық-маңызды жұмыстарды жүргізуге бағытталған өзінің тақырыптық контенті бар екенін атап өтті.
Соңында министр Аида Балаева еліміздің түрлі тақырыптық баспа басылымдарын біріктіретін «Қазақ газеттері» ЖШС ұжымына шығармашылық табыс тіледі.