Биыл заңсыз айналымнан 145 келіден астам есірткі тәркіленген – ҰҚК

Биыл заңсыз айналымнан 145 келіден астам есірткі тәркіленген – ҰҚК

Биыл заңсыз айналымнан 145 келіден астам есірткі тәркіленген – ҰҚК
ашық дереккөзі
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті биыл ұлттық қауіпсіздік органдары 12 жасырын есірткі зертханасының әрекетін тоқтатқанын мәлімдеді. Қазақстанның географиялық орналасуы, транзиттік мүмкіндіктері, сондай-ақ шекаралық шектесу жерінің ұзақтығы біздің аумақты трансұлттық есірткі құрылымдары үшін тартымды етіп отыр. Орталық Азия, оның ішінде Қазақстан арқылы ауған есірткі трафигінің «солтүстік бағдары» өтіп жатыр. 90-шы жылдардың басында құрылған бұл бағдар Ресейге өтіп, ары қарай Еуропаға жалғасады. Сонымен қатар, Қазақстанда есірткі жағдайына әсер ететін тағы бір фактор – еліміздің оңтүстігінде каннабис тобындағы есірткіні өндіруге де қатысты болып тұр. Қазіргі уақытта қазақстандық жастар арасында синтетикалық есірткі түрлерінің таралуы қоғам үшін қауіп төндіріп, елеулі проблемаға айналуда. Ірі қалаларда синтетикалық есірткіні өткізу жағдайы артып келеді. «Биыл ұлттық қауіпсіздік органдары Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында 12 жасырын есірткі зертханасының әрекетін тоқтатты. Жалпы, заңсыз айналымнан 145 келіден астам синтетикалық сипаттағы есірткі мен 2,5 тонна химиялық прекурсор тәркіленді», – делінген таратылған мәліметте. Өндірілген есірткі ірі партияларда көлеңкелі сегментте әрекет ететін есірткі дүкендерінің өкілдеріне өткізіліп отырған. Сонымен бірге, есірткі үшін ақы электронды төлем жүйесі арқылы қабылданған.