Жаңалықтар

Месси «Барселонадан» кетпейтін болды

ашық дереккөзі

Месси «Барселонадан» кетпейтін болды

«Барселонадан» кетуге бекінген Лионель Месси өз шешімін өзгертті. Marca басылымының хабарлауынша, клуб капитаны келісімшартты бұзу үшін сот процесін бастауға құлықты емес. Месси келісім мерзімі бітетін уақытты, яғни келесі жазды күтпек. Sphera Sports дерегінше, Месси алдағы маусымда «Барселона» сапында ойнауды жалғастыратыны жөнінде мәлімдеме дайындап үлгерген. Еске сала кетейік, бұған дейін Лионель Мессидің әкесі мен «Барселона» президенті ойыншыны сату жөнінде өзара мәмілеге келе алмаған. Аргентиналық футболшыны өз сапына қосуға ықылас білдіргендер қатарында ПСЖ, «Манчестер Сити» мен «Интер» клубтарының аты аталды.