Сафар Шәкеевтің анасы үндеу жариялады

Сафар Шәкеевтің анасы үндеу жариялады

Сафар Шәкеевтің анасы үндеу жариялады
ашық дереккөзі
Алматыда із-түзсіз жоғалған Сафар Шәкеевті іздестіру әлі жалғасып жатыр. Бұған дейін оған тікұшақ та жұмылдырылған болатын. Әуе көлігімен тәртіп сақшылары таулы аймақтарды түгел сүзіп шықпақ. Ал туған-туыстары оны белгісіз біреулер жасырып ұстап отыр деген пікірде, деп хабарлады КТК телеарнасы. Соған байланысты, Сафардың анасы ұлының жоғалуына қатысы болуы мүмкін деген адамдарға үндеу жасады. -Ұлымды ұстап отырған біреулер болса, айтарым, бүкіл отбасымыз сіздерге ешқандай шара қолданбайды. Тек қалада кез келген аялдамаға немесе басқа бір жерге тастап кетсеңіздер болғаны. Анасы ретінде мені түсінулеріңізді сұраймын, - деді С. Шәкеевтің анасы Жібек Шәкеева Белгілі композитор Еркеш Шәкеевтің ұлы 25 жастағы Сафар Шәкеев осыдан 10 күн бұрын жоғалып кеткен болатын. Соңғы рет таңғы 7:30-да әл-Фараби даңғылы мен Есентай өзенінің қиылысында болғаны бақылау камерасына түсіп қалған. Бүгінде құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірге ағайын-туыстары, достары және еріктілер тобынан құралған 50 адам күн сайын іздестіріп жатыр. Сүңгуірлер Есентай өзенін сүзіп шығып, ештеңе таппағанын айтты. Сондықтан туыстары Сафарды біреулер ұстап отыр деген сенімде.