Салықтың қай түрлері қысқарады – Ұлттық экономика министрі
Салықтың қай түрлері қысқарады – Ұлттық экономика министрі
ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов салықтың қандай түрлерін оңтайландыру жоспарланып отырғанын айтты.
Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында министр: «Екі салықты бір төлемге біріктіру мен бір салықты жою бойынша ұсыныстар даярланған. Жеке адамдардың мүлік және жер салығын біріктіру ескерілген. Бұл өз кезегінде түбіртек толтыру, банк комиссиясы секілді шығындарды қысқартады», – деп атап өтті.
Сонымен қатар, көппәтерлі тұрғын үйлердің иелері үшін жер салығын алып тастау ұсынылды.
«Бұл қадам 3 млн салық төлеушіге қатысты болады. Мұнымен қоса, жаңа ұсыныстар бөлек қаралады, яғни еңбекақы төлеу қорынан салықты ұстап қалу мәселесі пысықталады. Осы орайда бір төлемге біріктіруді қарастыруға болады, бұл қадам шағын және орта бизнес үшін төлем жасауды айтарлықтай жеңілдетеді. Сонымен қатар, түрлі төлемдер мен алымдарды оңтайландыруға болады», – деді Р.Дәленов.
Оның айтуынша, бұл қадамдарды іске асыру тұрғысында дайын ұсыныстар 2021 жылы енгізіледі деп жоспарланған.