21 250 теңге: 2,4 млн қазақстандыққа әлеуметтік төлем берілді
21 250 теңге: 2,4 млн қазақстандыққа әлеуметтік төлем берілді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 2 млн 400 мың қазақстандыққа 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы берілгенін хабарлады.
Шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) 2 млн 406 мың қазақстандық ең төменгі жалақы – 42 500 теңгеге тең біржолғы төлемді алды, оның ішінде 2 млн 400 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы алды.