Кәсіпкер аурухана қызметкерлеріне қаржылай көмек берді

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қожакент ауылдық округі «Нұрбол-И» шаруа қожалығының төрағасы Үсенов Изатулла аудандық аурухана қызметкерлеріне қаржылай қолдау көрсетті.

Ауданға белгілі кәсіпкер Үсенов Изатулла Жаңақорған аудандық ауруханасында жаһанды жайлаған коронавирус індетімен күресіп жатқан дәрігерлер мен мейірбикелерге қаржылай көмек ұсынды.

Ауруханада тынбай еңбек етіп жүрген дәрігерлердің, сонымен қатар, оттегімен демалып жатқан науқастардың баллондарын ауыстырып жүрген мейірбикелердің қызметін бағалаған жергілікті меценат оларға 500 мың теңге көлемінде қаржылай сыйақы берді.

Back to top button