Жаңалықтар

Шылым шегуді азайта аламыз ба?

ашық дереккөзі

Шылым шегуді азайта аламыз ба?

1976 жылы профессор Майкл Рассел "Адамдар никотин үшін шылым шегеді, бірақ түтіннен көз жұмады" деп жазған болатын. Міне содан бері әлемнің түкпір-түкпірінде шылымның зиянын азайту жолдары қарастырылуда. Соңғы жылдары темекіні алмастыру мақсатында түрлі баламалар ойлап табылды, солардың бірі - электронды темекі. "Аман-Саулық" қоғамдық қоры жүргізген зерттеу сауалнамасы нәтижесінде сұрау алынған қазақстандықтардың көпшілігі шылым шегуді азайтудың балама жолы осы деп жауап берген.  «Әлемде жүргізілген зерттеулер бойынша никотин тек тәуелді ете алады, бірақ ол қатерлі ісік тудыратын канцероген емес, - дейді "Аман-Саулық" ҚҚ президенті Бақыт Түменова, - Қатерлі ісік тудыратын зиянды зат түтіннен пайда болады. Табак күйеді де, шылым шегуші никотинді жұтады, соған тәуелді болады, осылайша өкпеге күйген зиянды заттар енеді. Дамыған елдерде кәдімгі темекілер бар, сонымен қатар темекінің балама түрлері де баршылық. Біз әлеуметтік сауалнама жүргіздік, қауіпті азайтудың жолы - шылым мен шылым шегушілермен тиімді күрес стратегиясын қалыптастыру. Сондықтан темекіге тәуелділіктен бас тарта алмайтын адамдар, қауіп-қатері аз балама түрлеріне көшуі керек. Бұл туралы соңғы жылдары әлемнің озық ғалымдары қайталап келеді, ал дамыған мемлекеттер мұндай өнімдерді қадағалау жоспарын жасап, іс жүзінде енгізуде. Осы бастаманы елімізде де қолға алу керек. Даму үдерістеріне қарай дүниежүзінде шылым шегушілердің саны тек арта түспек. Сондықтан Қазақстан шылым шегудің қаупін азайту стратегиясын қолға алуы қажет". Жалпы, шылым шегушілердің 42 пайызы балама өнімдерді шылым шегуден бас тарту мүмкіндігі деп қарастырады. Олардың 38 пайызы электронды темекіні таңдаса, 37 пайызы қорқор, 12 пайызы насыбай, ал қалған 7 пайызы түтікпен шылым шегу немесе сигараны қалайды екен. Сауалнамаға қатысқандардың үштен бірі никотин тартудың зиянсыз жолы электронды темекі деп есептесе, 2 пайызы ғана электронды темекіге көшу - шылым шегуден біржола бас тарту деп есептейді екен. Мәселен, электронды шылым 18 бен 29 жас (78, 10%) аралығындағы шылым шегушілер арасында кеңінен қолданылады, алайда оны қолданушылардың 74 пайызы ер адамдар екен. Сондай-ақ электронды шылым туралы қандай да бір мәліметпен танысқаны туралы сауалға мынадай жауаптар алынған: сауалнамаға қатысқандардың 34 пайызы жағымды ақпарат алған, 23 пайызы жағымсыз ақпарат алса, 43 пайызы ешқандай да мәліметтен хабары жоқ. Қазақстан нарығы үшін жаңа өнімге сұраныс артуда, дегенмен электронды шылым нарығы зерттелмеген күйде қалып тұр, қазақстандық респонденттердің пікірлерінде ешқандай ғылыми негіз жоқ, жартысына жуығы өнімнің тиімді және тиімсіз тұстарымен таныс емес. Десе де электронды шылымды кәдімгі шылымға қарағанда зияны аз деген пікір дұрыс па? Жуырда Варшава қаласында шылым шегуге байланысты өткен Әлемдік никотин форумында осы мәселелерді талқылауға жиналған халықаралық сарапшылар түрлі пікірлермен бөлісті. Лондонның Корольдік коллегиясы дәрігерлерінің баяндамасы бойынша кәдімгі шылымның зиянына қарағанда электронды шылымның зияны 5 пайыздан аспайды. Ал ттемекіге қарсы акцияларының анымал қолдаушысы Клайв Бейтс электронды шылымды оңтайлы балама деп отыр. Яғни, вейпинг - түтінді жұту - күю процесін болдырмайды. Сарапшының пікірінше, электронды шылым мен шайнайтын снюс табагы өте зиянды шылымдардың бәсекеге қабілеттігін арттыра алады. Дәстүрлі темекі мен электронды шылымның пассивті шылым шегушілерге, яғни шылым шегушінің қасындағы тобырға зияны ұшан-теңіз. Каунасс технологиялық университетінің химия факультетінің вице-деканы Дайнюс Мартузевичиустың Варшавада көрсеткен зерттеуіне сүйенсек, кәдімгі темекінің күйген қалдықтары баяу тараса, сыртқа үрленген түтін бір сәтте тарайды, себебі оның құрамындағы заттар тез еріп кетеді. Халықаралық мәліметтерді негізге ала отырып, қазақстандық нарықтың өзіндік зерттеулерге зәру екені мәлім болды. "Аман-Саулық" қоры өкілдерінің айтуынша, шылым шегудің балама түрлерін зерттеу жұмыстарын қор бұдан әрі де жалғастыратын болады.