Жаңалықтар

Тұрғындардың өтінішімен жолдар жөнделді

ашық дереккөзі

Тұрғындардың өтінішімен жолдар жөнделді

Халықтың өтініші мен талап-тілегі қоғамның әр саласында назардан тыс қалған кейбір мәселелерді шешуге көмек береді. Әрбір азаматтың осындай мәселелерге бей-жай қарамай, белсенділік танытуы – әрине қуантарлық жағдай.

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Жыланбұзған елдімекенінің тұрғыны Қолдасов Талғат Қарақыстақ, Қызыл үй көшелерінің ескі жолдарында шұңқырлардың көп екенін, бұл тұрғындарға ыңғайсыздық тудырып отырғанын айтып, қауіп те жоқ емес екенін алға тартып, «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш білдірген.

Нәтижесінде «Nur Otan» партиясы көп ұзамай Еңбекші аудандық филиалы төрағасы Ильясов Ғалымжан Молдабайұлының ықпалымен бұл көшелерге жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізіле бастаған.

Құрылыс жұмыстары Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен орындалды. Жолдың сапасы, атқарылған жұмыс нәтижесі тұрғындардың көңілінен шықты.

Өтініші назардан тыс қалмаған Жыланбұзған елді мекенінің тұрғыны Қолдасов Талғат өзінің және ауыл тұрғындарының атынан «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалы төрағасына алғыс білдірді.