77-ші халықаралық Венеция кинофестивалі басталды

77-ші халықаралық Венеция кинофестивалі басталды

77-ші халықаралық Венеция кинофестивалі басталды
ашық дереккөзі
Кеше Италияның Лидо аралында Халықаралық Венеция кинофестивалінің кезектегі ашылу салтанаты өтті, - деп хабарлайды ӨзА. Коронавирус пандемиясына байланысты әлемдегі ең көне фильмдер көрсетілімі биыл қысқарған форматта өткізіліп жатыр. Тіпті кейбір бағдарламалар онлайн форматта өтеді. Сондықтан фестивалге көп қонақ шақырылған жоқ.  Ал шараға келгендер міндетті түрде маска таққан. 77-ші халықаралық Венеция кинофестивалінің қазылар алқасын биыл австралиялық актриса, екі мәрте «Оскар» сыйлығының лауреаты Кейт Бланшетт басқарады. Ашылу салтанатына Еуропаның басты киносеанстарының директорылары - Альберто Барбера (Венеция), Карло Шатриан (Берлин), Тьерри Фремо (Канн), Лили Хинстин (Локарно), Ваня Калуджерич (Роттердам), Карел Оч (Карловы Вары), Хосе Луис Ребординос (Сан-Себастьян), Триша Таттл (Лондон) қатысқан.Биылғы жылдың үздік фильмі үшін «Алтын арыстан» сыйлығына 18 үміткер жарысады. Бұл бұрынғыдан әлдеқайда аз. Фестивалдің бас жүлдесі 12 қыркүйек күні табысталады.