Жолдауда айтылған жаңа мүмкіндіктер қандастарға оң әсерін тигізетініне сенімдіміз

Сондай-ақ!

Банк картасын алаяқтардан қалай қорғаймыз – маман кеңесі

Алаяқтар банк карталарын қолданушыларды алдаудың сан түрлі айласын меңгеруде. Егде адамдар тұрмақ,  техникалық тұрғыдан сауатты жастардың өзі кейде әккілердің қармағына түсіп қалып жатады. "Роскачество"...

«Қорғағысы келген»: Анасы ұлын 28 жыл бойы қамауда ұстаған

Стокгольм тұрғыны өз ұлын 28 жыл бойы қамауда ұстаған. Бұл туралы швед басылымы Expressen-ге сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады. Ауруханада жатқан әйелдің үйіне көз қырын...

«Борсыққа жол беру үшін тоқтаған»: СҚО-да екі көлік жантүршігерлік апатқа ұшырады

Солтүстік Қазақстан облысында джип өтіп бара жатқан борсыққа жол беру үшін тоқтаған екі көлікті қағып кетті, деп хабарлайды СҚО полиция департаменті.  Апат дүйсенбі күні Петропавл...

Елордада құрылысы тоғыз жылға созылған тұрғын үй пайдалануға берілді

Елордада құрылысы ұзаққа созылған тағы бір нысан пайдалануға берілді, деп хабарлайды қала әкімдігі. ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Грант» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Бұл...

«Отандастар қоры» мен «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» бірлесе отырып ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға «Отандастар қорының» вице-президенті Мағауия Сарбасов, Ұлттық кеңес мүшесі, қоғам қайраткері Ауыт Мұқибек, танымал этнодизайнер Қазипа Мұхаметқали, «Асар» республикалық ҚБ төрағасы Қайрат Бодаухан, кәсіпкерлер Білал Ысқақ, Айнұр Жакейқызы, сондай-ақ «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының» өкілдері мен елімізге әртүрлі уақытта көшіп келген қандастар қатысып, өз пікірін ортаға салды.

«Жолдауда көптеген мәселе қозғалды. Оның ішінде әлеуметтік саланы ерекше атап өтуге болады. Мәселен мұғалімдердің, дәрігерлердің жалақысы көтеріледі, сондай-ақ халық зейнетақысының бір бөлігін үй сатып алуға жұмсай алатын болды. Кәсіпкерлікті қолдауға көптеген шаралар қарастырылып, салық жеңілдіктері айтылды. Осындай мүмкіндіктер біздің қандастарға да оң әсерін тигізетініне сенімдеміз», – деді «Отандастар қорының» вице-президенті Мағауия Сарбасов.

«Асар» республикалық ҚБ төрағасы Қайрат Бодауханның пікірінше, Жолдауда ауыл мәселесі өте жақсы көтерілген.

«Солтүстік Қазақстан облыстарын араладым. Президентіміз қозғаған басты мәселе – жер мен үй салу. Осы саланы зерттеп жүрген азаматтар мен «Отандастар қоры» бар, халқы көшіп кеткен ауылдарға арнап арнайы бағдарлама дайындау керек деп ойлаймын. Шеттен келген қандастардың шаруашылыққа икемі бар. Қандастарымыз Президент Жолдауындағы ауыл шарушылығын қолдау бастамасын қолдаймыз. Солтүстік Қазақстан облысында күзгі және көктемгі егін шаруашылығы кезеңінде маман тапшылығы байқалады. Осы тапшылықты атажұртқа оралған қандас бауырларымыз толықтырса деген ойдамын», – деді Қайрат Бодаухан.

Кәсіпкер, Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі, этнодизайнер Қазипа Мұхаметқали да кәсіпкерлікті дамытып, оның ішінде қолөнер саласына көңіл бөлініп жатқанына тоқталды.

«Ел президенті Қазақстанда кәсіпкерлердің санын арттыру мақсатында көптеген шаралар қолға алынатынын айтты. Өз тарапымнан, қолдан келгенше, қолөнер саласындағы жобаларды іске асырып, бар білгенімді басқаларға да үйретуге атсалысып жатырмын. Қазіргі заман талабы бойынша барлық сабақтарды онлайн форматта өткізіп те жатырмыз. Ертең бір адам осы кәсіпті үйреніп, өз ісін дөңгелетіп кетсе, нұр үстіне нұр болар еді. Осындай кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетілетіні көңілге үміт ұялатып отыр», – деді Қазипа Мұхаметқали.

Сондай-ақ дөңгелек үстел барысында мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және жүзеге асырудағы «Отандастар қорының» міндеттері ортаға салынып, елдегі қандастар мен шетелдегі қазақ диаспорасының өзекті мәселелері талқыланды.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Тұңғыш Президент күні: Әлемдік көшбасшылар Елбасыға жылы лебіздерін жолдады

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шетелдік мемлекеттер басшыларынан, экс-президенттерден, бұрынғы үкімет басшылары мен саяси...

Банк картасын алаяқтардан қалай қорғаймыз – маман кеңесі

Алаяқтар банк карталарын қолданушыларды алдаудың сан түрлі айласын меңгеруде. Егде адамдар тұрмақ,...

«Қорғағысы келген»: Анасы ұлын 28 жыл бойы қамауда ұстаған

Стокгольм тұрғыны өз ұлын 28 жыл бойы қамауда ұстаған. Бұл туралы швед...

«Борсыққа жол беру үшін тоқтаған»: СҚО-да екі көлік жантүршігерлік апатқа ұшырады

Солтүстік Қазақстан облысында джип өтіп бара жатқан борсыққа жол беру үшін тоқтаған...

Елордада құрылысы тоғыз жылға созылған тұрғын үй пайдалануға берілді

Елордада құрылысы ұзаққа созылған тағы бір нысан пайдалануға берілді, деп хабарлайды қала...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...