Министр зейнетақы жинағын пайдалануға мүмкіндігі бар адамдарды атады

Министр зейнетақы жинағын пайдалануға мүмкіндігі бар адамдарды атады

Министр зейнетақы жинағын пайдалануға мүмкіндігі бар адамдарды атады
ашық дереккөзі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағын пайдалану мәселесін түсіндірді.  «Ел Президенті халыққа Жолдауында әлеуметтік салада бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде көпшіліктің қызығушылығын танытып отырғаны зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалану мүмкіндігіне байланысты. Сондықтан осы бағытта түсініктеме бергім келеді. Біріншіден, Мемлекет басшысы тарапынан тұжырымдамалық шешім қабылданды. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін келесі жағдайларда пайдалану мүмкіндігі беріледі, яғни тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге және қаржы компанияларына басқару үшін аударуға», – деп тоқталды министр Жолдауды жүзеге асыру тақырыбына арналған брифингіде. Осы орайда Б.Нұрымбетов кімдер қандай жағдайда жинақтарының бір бөлігін алуға қауқарлы екенін айтты. «Біріншіден, жұмыс істеген әрі жұмыс істеп жүрген біздің азаматтар, яғни Бірыңғай зейнетақы қорында жарналары бар азаматтардың жиналған сомасы «жеткіліктің шегінен» асып жатса. Мақсат оның бәрін таратып беру емес, оның қажетті бір бөлігі қалуы тиіс. Одан асқан ақшаны азаматтар өз еркімен жоғары мақсаттарға пайдалануға мүмкігідігі бар. Мұндай азаматтардың саны 530 мың адамға жетіп отыр», – деді министр. Оның сөзіне қарағанда, екіншісі – зейнет жасына жеткен кісілер. Егер де оларда жинақтаушы қорында қаражаттары бар болса, ол кісілер сол қаражаттың 50 пайызына дейін алады. Бұндай адамдардың саны 178 мыңнан асады. «Үшіншіден, зейнетақы аннуитетін ресімдеген және әлі де жинақтары бар азаматтар. Мұндай елімізде 13,3 мың адам бар. Осылайша, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты пайдалану мүмкіндігін 721 мыңнан астам қазақстандық пайдалана алады», – деді Нұрымбетов.