KazAID: Жатты жарылқайтын агенттік неге керек?

KazAID: Жатты жарылқайтын агенттік неге керек?

KazAID: Жатты жарылқайтын агенттік неге керек?
ашық дереккөзі
Еліміздің Сыртқы істер министрлігі жанынан қыркүйек айының ортасына дейін «KazAID Қазақстандық халықаралық даму агенттігін» құру жоспарланып отыр. Басқа елдерге көмектесуді көздейтін ұйым­ның және бір мақсаты – Қазақстанның әлемдік аренадағы донор ел ретіндегі рөлін күшейту. Елімізде халықаралық  агент­тік құру мәселесі алғаш 2016 жы­лы кө­те­ріл­ген болатын. Арада екі жыл уа­қыт өткен соң 2018 жыл­ғы сәуір­де «Ашық Нормативтік құ­қық­тық ак­тілер» порталында осы агент­тікті құру туралы Үкімет қау­лысының жо­басы пайда бол­ға­ны­мен, агент­тік­тің өзі құрылмады. Биыл шілде айын­да аталған пор­тал­да Қазақстан Рес­публикасының да­муға ресми кө­мек саласындағы 2021-2025 жыл­дарға арналған мем­ле­кеттік сая­са­ты­ның негізгі бағыт­тарын бекіту ту­ралы Президент Жар­лығының жо­басы орналас­ты­рыл­ды. Осы­лай­ша мемлекеттің 100 пайыз қаты­суы­мен KazAID ком­мер­циялық емес ак­ционерлік қоғамы формасында халықаралық дамуды ынталандыру жөніндегі қазақстан­дық агенттік құрылмақ. Акционер­лік қоғамның жарғылық капиталы ре­тінде мем­лекеттік бюджеттен 1 жыл­ға 138 миллион теңге көлемінде қаражат қарастырылады. Қазақстан Сыртқы істер ми­нистр­лігінің ерекше тап­сыр­малар жөніндегі елшісі Рәпіл Жо­шыбаев: «Бұл коммерциялық агент­тік емес, пайда табу мақсатын көз­демейді. Заң бойынша акцио­нер­лік қоғам құруға 138 млн теңге ке­рек. Өзімізде де жарғылық капи­тал­ға қосатын жылжымайтын мү­лік­­тер бар. Агенттікте әзірге 15 қыз­­меткер жұмыс істемек. Көбі Сыртқы істер министрлігінің қыз­мет­керлері, тілдік дайындығы, ха­лық­аралық бизнесте тәжірибесі бар ма­мандар. Кейін 25 адамға кө­бей­теміз, – деді. Агенттіктің қызметі халық­ара­лық ұйымдармен ынты­мақ­тастықтың озық тәжірибесін тарта отырып, мамандарымыздың білік­тілігін арттыруға бағытталады. Сонымен қатар тауарлар мен қыз­мет­тер сапасының әлемдік стан­дарт­тарын енгізумен қатар отандық экспортты шетелдік нарықтарға шы­ғаруға жәрдемдесу көзделіп отыр. Рәпіл Жошыбаевтың айтуын­ша, бастама ретінде мемле­кет­тік бюджеттен бөлінетін қара­жат­ты пайдаланып, Орталық Азия ел­деріндегі әріптестерімен бірлесіп әлеу­меттік бағыттағы бірнеше жо­баны іске асыруға болады. Мұндай жобалардың қатарына қазақ тілінің өрісін кеңейту және тарату және медицина саласы бойынша студент­терді дайындау кіреді. Ал егер үлкен жобаларға қаржы керек болса, Пар­ламентке, Үкіметке ұсыныс жасап талқыланады. Осыған дейін Қазақстанның екі жақты форматтағы да­муға көмекке қатысуы ұсыныла­тын кө­мектің ауқымы, нысаны, геогра­фия­сы бойынша айтарлықтай шек­теулі болып келді. Ендігі жерде KazAID агенттігі шетелдермен үш жақ­ты келісіммен әріптестік ор­нат­пақ. Ал агенттіктің жұмысшылары мем­лекеттік қызметкерлердің дең­гейін­де жалақы алады. Мемлекеттің жалақысынан бөлек, агенттік өздері көрсеткен қызметтер құнының 7 пайызынан ақша табады. Осылайша агенттіктің Үкіметтен сұрайтын қар­жысы алдағы жылдары біршама азая­ды. Мамандар Қазақстанның эко­логия, тұрғын халық, ден­саулық сақтау, әйел құқықтары, теңіз­ге шыға алмайтын елдерге кө­мек, есірткіге қарсы күрес және бас­қа салалардағы жобалар бойын­ша БҰҰ қамқорлығымен халықара­лық дамуға көмек жобаларына Қа­зақ­станның қатысу тәжірибесі ана­ғұрлым кеңірек екенін айтады. «Біз жүзеге асырған жобалардан 7 пайыз комиссия аламыз. Шетел­дер­мен үш жақты келісіммен әріп­тес­тік  орнатамыз. Мысалы, олар Орта Азиядағы бір елге көмектесуге ресурс (ақша) салғысы келеді. Біз ол қаржының тікелей  бенефициары (алушысы) болмаймыз. Жобаның жү­зеге асуына көрсеткен қызметіміз үшін сол жоба құнының 7 пайызын ала­мыз. Сол қаржыға «өмір сүріп», да­мимыз», – деді бұл жайында Ер­жан Ашықбаев. Бүгінде бюджет қаржысы есе­бінен құрылатын агенттікке қа­тысты қоғамның пікірі екіге жа­рыл­ды. Бірі «Пандемия жағдайында хал­қын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ете алмаған мемлекет өзге елдерге қалай көмек қолын созбақ?», «Өзге ел­ге жұмсалатын қаражатты неге елі­міздегі жұмыссыз адамдарды жұ­мыспен қамтамасыз етуге жұм­сап, хал­қымыздың әл-ауқатын арттыр­масқа?» десе, екінші топ «Бұл Қа­зақ­стан­ның халықаралық аренадағы рөлі мен беделін нығайтуға мүм­кін­дік береді», «Алаған қолым – бе­ре­ген, Қазақстанның өзге елдерден гу­манитарлық көмек ала отырып, ке­дей елдерге көмектеспеуі беделіне нұ­қ­сан келтіреді» дейді. Жалпы, Қазақстан тәуел­сіз­дік жылдары Ауғанстан мен Орталық Азияның дамушы ел­деріне 500 млн АҚШ доллары кө­лемінде көмек көрсеткен. Соның ішін­де 2017-2018 жылдары Қа­зақ­стан өзге елдерге 100 миллион дол­ларға жуық көмек көрсетті. Қа­зақ­стан сияқты дамушы ел үшін 500 мил­лион АҚШ доллары әжептәуір жәр­дем. Десе де, бұл туралы қазақ­стан­дықтардың және әлем қоғам­дас­тығының ақпаратты толық біл­меуі бүгінде қоғам пікірінің екіге жа­рылуына себеп болғандай.