Жаңалықтар

Алматыда жер сілкінісі болуы мүмкін

ашық дереккөзі

Алматыда жер сілкінісі болуы мүмкін

Алматыда алдағы жылдары жойқын зілзала болуы мүмкін. Алматы қаласы әкімдігі жанындағы қоғамдық кеңес осы мәселеге орай 20 тамызда жер сілкінісіне дайындық, сейсмологиялық проблемаларды шешуге арналған қоғамдық тыңдау өткізуді де жоспарлап отыр деп мәлімдеді Qamshy.kz.  - Тибет, Гималай және Тянь-Шань жақтарынан Алматы қаласы орналасқан Солтүстік Тянь-Шань жаққа күшті жер сілкінісі ошақтарының қарқынды көшуіне байланысты Солтүстік Тянь-Шань аймағында сейсмикалық жағдайлардың ерекше қарқыны мен таяу жылдары күшті (апатты) жер сілкінісінің туындау мүмкіндігі байқалады. Таулы аймақтарда соңғы екі жылдың өзінде-ақ күшті жер сілкіністері болып өтті. Олар: Үндістан, Непал, Солтүстік Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Үндістан қабатының Еуразия жаққа жылжуы болып жатыр. Алматы қаласының оңтүстігінен Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында 2015 жылдың 15 наурызында жер сілкінісі болды. Бұл Алматы қаласында 4-5 балл қарқындылықпен сезілді, 2016 жылдың 26 маусымында Алматы қаласынан 526 км қашықтықтағы Қырғызстан аумағының эпицентрінде 8 балдық қарқындылықта болған жер сілкінісі Алматы, Тараз және Шымкент қалаларында сезілді. 2016 жылдың 12 шілдесінде Алматы қаласынан 50 км қашықтықта Талғар шыңының артында оңтүстік-шығыста 5,2, магнитудалы жер сілкінісі болды, бұл Алматыда 2-3 балл қарқындылықпен сезілді. Бұл жерде Алматы облысының, оның ішінде Қазақстанның алып шаһары Алматы қаласының аумағы кіретін Солтүстік Тянь-Шань аймағы бүкіл Орталық Азиядағы мейілінше сейсмикалық қауіпті жерлердің бірі болып табылатындығын атап өтсек те болады, - делінген Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің әлеуметтік желіде жарияланған жазбасында. Қоғамдық кеңес мүшелерін сейсмикалық жағдайларды бақылау және Алматы қаласы аймағындағы күшті жер сілкінісіне дайындалу үдерісін қадағалау саласындағы бір топ проблемалар атап көрсетілді. «Қосымша тағы да мына мәселеге тоқталып өткен жөн, яғни, халықты күшті жер сілкінісіне дайындау бойынша керекті іс-шаралар қабылдау қажет. Халық пен билік құрылымдары жойқын жер сілкінісі кезінде өзін-өзі қорғау және өзара көмек көрсету проблемасына толыққанды назар аудармайды. Тарихтан сабақ алу өте тез ұмытылып кетеді. Байқалатын төзуге болатын сейсмикалық тыныштық алдамшы, уақытша болып табылады. Осыған байланысты халыққа, сол сияқты ұйымдар мен кәсіпорын басшыларына арнап, жалпыға ортақ түрде жадынамалар мен ұсынымдар шығару қажет, Алматы қаласы әкімдігі мен ТЖД тарапының тікелей басшылығы арқылы бүкіл мектепке дейінгі, мектеп және жоғары оқу орындарында, сондай-ақ кәсіпорындар мен мекемелерде жүйелі түрде сейсмикалық жаттығулар өткізу қажет», - делінген хабарламада.