Мұғалімдерге төленетін үстемақылар көлемі артады
Мұғалімдерге төленетін үстемақылар көлемі артады
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің жалақысын 25 пайызға арттыру бойынша тиісті қаражат бюджет жобасында толығымен қарастырылғанын айтты.
«Президенттің мұғалімдердің жалақысын 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 25 пайызға арттыру тапсырмасы бойынша тиісті қаражат бюджет жобасында толығымен қарастырылды. Бұған қоса, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қыркүйек айынан бастап дәптер тексеру үшін үстемақы екі есе, сынып жетекшілігі үшін алатын үстемақы екі есе артатын болады», – деді министр Үкімет отырысында.
Сонымен қатар ол магистр дәрежесі бар мұғалімдер 27 мың теңге сомасында жаңа үстемақы алатынын еске салды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдады.