Қарағанды облысында екі зейнеткердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қарағанды облысында екі зейнеткердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қарағанды облысында екі зейнеткердің үстінен қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөзі

Қарағанды облысында екі зейнеткер 20 жыл бойы жоғары көлемдегі зейнетақыны заңсыз алып келген. Мемлекетке келтірілген шығын 16,7 млн теңгені құрады, – деп жазды Polisia.kz. Қарағанды полицейлері еңбек кітапшасына жалған мәлімет енгізудің екі фактісін анықтады. «30 тамыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасы Орталық полиция бөліміне алаяқтықтың екі фактісі бойынша істер келіп түсті. Анықталғандай, 71 жастағы ер адам 2000 жылы еңбек өтілі туралы жалған мәліметтер ұсынған. Осылайша, 20 жылда алған зейнетақы төлемінің жалпы сомасы 7,4 млн теңгені құрады. Сондай-ақ еңбек өтілін өз пайдасына қарай жазып алған 75 жастағы әйел 20 жыл бойы жоғары көлемдегі зейнетақы алып келген: мемлекетке 9,3 млн теңге шығын келтірді. Бұл фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (Алаяқтық) қылмыстық істер қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», – делінген ақпаратта.