Жаңалықтар

Жолдауда көтерілген мәселелердің бәрі маңызды – Дәулеткерей Рахметуллин

ашық дереккөзі

Жолдауда көтерілген мәселелердің бәрі маңызды – Дәулеткерей Рахметуллин

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жаңару» жалпыұлттық қозғалысы РҚБ мүшесі Дәулеткерей Рахметуллин жолдауға қатысты өз пікірін білдірді. Бүгінгі жолдауда көтерілген мәселелердің бәрі – маңызды әрі өзекті. Енді жолдаудың толық жүзеге асуын қадағалау маңызды. Себебі осыған дейін де талай жақсы жолдаулар болды. Бірақ олардың орындалуы 30 пайыздан аспайтын. Жолдауды халық болып қолдап, билік басындағылар мен атқарушы органдар бір кісідей атсалысуы керек деп есептеймін. Жолдауда айтылмай кеткен бір-ақ нәрсе бар: ол – тіл мәселесі. Қазақ тілінің мәртебесін одан әрі биіктетудің маңызы айтпасақ та түсінікті. Аталған жобалар жүзеге асып, мәселелер шешілсе, елдің өркендеуіне үлкен серпін беретініне сенімдімін.