Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды – Мемлекет басшысы

Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды – Мемлекет басшысы

Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды – Мемлекет басшысы
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет ауылшаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің жаңа әдіс-тәсілдерін қолданысқа енгізуі қажет екенін айтты.  «Басы бірікпеген қосалқы шаруашылықтар өлместің күнін көріп отыр. Бұл ретте сапалы әрі мол өнім өндіру, үздіксіз тауар жеткізу туралы сөз қозғаудың өзі орынсыз. Бәсекеге қабілетсіздік – импорттан арыла алмай отыруымыздың себебі де осы. Кооперация кезінде жер және басқа да мүлікке қатысты барлық құқық сақталады. Ауыл еңбеккерлерінің ауыр жұмысы тым арзан бағаланады. Бұл – жасырын емес. Табыстың басым бөлігіне алыпсатарлар кенеліп жатады. Сондықтан субсидия және салық жеңілдіктерін беру бағдарламалары аясында ауылдық жерлердегі кооперацияны ынталандыру үшін тиісті шаралар топтамасын әзірлеу керек», – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, келесі жылы ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормасына қатысты енгізілген мораторий күшін жояды. Бұл орайда, Президент: «Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды, бірақ Үкімет ауылшаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін енгізуі тиіс», – деп атап өтті.