Қазақстан Африка елдеріне инвестиция салудан ұтып келеді

Африка одағындағы Қазақстанның тұрақты өкілі, еліміздің Эфиопиядағы елшісі Ерлік Әли Қазақстанның Африкаға жасаған инвестициялары қандай нәтиже бергендігі туралы айтып берді.

«Әрине, қазір жағдай басқа, Қазақстанның өзі де инвестицияға мұқтаж. «Олар бізге инвестиция сала алмайтын болса, олармен әріптестік орнатудың қажет бар ма?» деген сауал туады. Бұл сұрақтың да қисыны бар. Дегенмен, осы мемлекеттерге жасалған біздің донорлық көмектеріміз бізге қаржылық тұрғыдан да, өзге де қырынан да болсын көп қайтарым жасады», – деп атап өтті елші.

Оның сөзіне қарағанда, дипломаттар экономикалық мәселелермен ғана емес, мәдени байланыстар мен қарым-қатынастар орнатуға да үлкен септігін тигізіп жатыр.

«Африкалық елдермен жүргізілген жұмыстардың арқасында БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес үміткерлерін таңдау барысында үлкен қолдау болды. Дауыс беру құпия болды және нақты кім қалай дауыс бергенін мен айта алмаймын, алайда африкалық мемлекеттердің 3/2-сі Қазақстанға дауыс бергеніне мен сенімдімін. Себебі Қазақстан африкалық мемлекеттерге көп қолдау жасады, өзін осы елдер үшін жаңа әріптес ретінде көрсете алды», – дейді Е.Әли.

Сонымен қатар ол инвестициялық тұрғыда Қазақстан үшін қызықты 4 Африка мемлекетін ерекше атап өтті.

«Олар дамушы мемлекеттер және олар бізден инвестициялар сұрауда. Біздің инвестицияларды қандай салаларға бағыттаса болады? Бұл – тау-кен өнеркәсібі, медициналық сала, ауыл шаруашылығы және білім беру. Біздің ойымызша, осы 3-4 бағыт бойынша әріптестікті дамытуға әбден болады», – деді ол.

 

Back to top button