Мемлекет басшысына тікелей бағынатын агенттік құрылады
Мемлекет басшысына тікелей бағынатын агенттік құрылады
Президентке тікелей бағынатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құрылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
«Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі. Бұл саладағы реформаларды жүйелі түрде жүргізген жөн. Алдымен біз мемлекеттік басқару, кадр саясаты, шешім қабылдау жүйесі және оларды орындау жауапкершілігінің тәсілдерін өзгертеміз. Пандемия мен дағдарыс жағдайында қолданыстағы мемлекеттік басқару жүйесі барынша жұмыс істейді. Сондықтан мен Президентке тікелей бағынатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құру туралы шешім қабылдадым. Мұндай орган бұған дейін жұмыс істеп, жүктелген міндеттерді сәтті орындады, енді ол бүкіл мемлекеттік жоспарлау жүйесінің орталық буынына айналады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.