Үкімет жіберілген қателіктен сабақ алып, жұмысты жедел жолға қоя білді – Мемлекет басшысы
Үкімет жіберілген қателіктен сабақ алып, жұмысты жедел жолға қоя білді – Мемлекет басшысы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында пандемия барлық мемлекеттер үшін сынақ кезеңіне айналғанын баса айтты.
«Олар індетпен күрес жолында көп қиындықты бастан өткізіп жатыр. Бір жерде ахуал тұрақтанса, екіншісінде вирустың жаңа ошақтары пайда болуда. Үкімет жіберілген қателіктерден сабақ алып, жұмысты жедел жолға қоя білді. Ең бастысы халықтан еш нәрсе жасырмай, індеттен қайтыс болғандар туралы ақпараттың барлығын ашық жариялады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.