Жаңалықтар

Мақтааралда тасқын судан зардап шеккен мектептер жөндеуден өтті

ашық дереккөзі

Мақтааралда тасқын судан зардап шеккен мектептер жөндеуден өтті

Мақтаарал ауданында тасқын судан зардап шеккен екі мектеп жөндеуден өтіп, жаңа оқу жылына дайын болды. Өргебас және Фирдоуси елдімекендеріндегі қос білім ұясына тасқыннан едәуір зақым келген еді. Қайта жөндеуден өткен білім ұяларының даярлығы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевке ауданға іссапары барысында таныстырылды. Аймақ басшысы әр мектепті жеке-жеке аралап, қазіргі жағдайын көріп шықты.