Т.Калеева: Қазақстанға "БАҚ туралы" жаңа заң керек

Т.Калеева: Қазақстанға "БАҚ туралы" жаңа заң керек

Т.Калеева: Қазақстанға "БАҚ туралы" жаңа заң керек
ашық дереккөзі
Қазақстаның журналистер одағы мен сөз бостандығын қорғайтын «Әділ сөз» ұйымы Қазақстанға "БАҚ туралы" жаңа заң қажет деп мәлімдеді.
Бұл жөнінде «Әділ сөз» президенті, Қазақстан журналистер одағын уақытша басқарып отырған Тамара Калеева ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевқа жазған ашық хатында мәлімдеген. Тамара Калееваның пікірінше, осыған дейін енгізілген өзгерістер мен түзетулер журналистердің жұмысын еркін атқаруға мүмкіндік бермейді. «Бізге бұрыннан бері сапалы әрі жаңа БАҚ туралы заң керек», — дейді Калеева. Калееваның хатында жаңа заң қазақстандық баспасөзге бәсеке тудыру керек, шығармашылыққа еркіндік беруі керек және қоғамдық пікір қалыптастыру керек делінген. Заң жобасы авторларының пікірінше, БАҚ туралы заңға ұсынылған өзгерістер "журналистердің әлеуметтік жауапкершілігі мен ақпарат саласында құқықтық мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді".​