Кезекші сыныптардың жұмысы қалай ұйымдастырылады – Білім басқармасы

31 тамыз, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Кезекші сыныптардың жұмысы қалай ұйымдастырылады – Білім басқармасы Кезекші сыныптардың қызметі санитарлық эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүзеге асады. Созылмалы аурулары жоқ балалар кезекші сыныпта оқуға жіберіледі. Бұл туралы Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева айтты.  Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларды санитарлық қауіпсіздік құралдарымен қамтиды: маскалар, қолды тазалауға арналған антисептик немесе бактерияға қарсы сулы майлықтар және балаларына әлеуметтік арақашықтықты сақтау туралы түсіндіреді. Олар балаларды мектепке алып келіп, сабақ аяқталғаннан кейін алып кетеді. «Мектеп дезинфекциялаушы құралдармен қамтамасыз етілген. Кіре берісте дезинфекциялық төсеніш, тепловизорлар, тазартқыштар, дымқыл, дезинфекциялық тазалауға арналған құралдар болады», – деді Басқарма басшысы. Сонымен қатар мектепте мынандай санитарлық ережелерді сақтау қажет: Кезекші сыныптардың жұмыс істеуі бойынша ұсыныстар:
  1. әр сыныпта 15 баладан көп емес;
  2. сабақтың ұзақтығы 40 минут;
  3. әр сыныпта әр түрлі уақыттағы үзілістер
  4. маска кию режимін қамтамасыз ету;
  5. оқу үстелдерін 1 метр қашықтықта орналастыру;
  6. білім алушыға жеке парта мен орындық тағайындалады;
  7. оқушы жеке оқу материалдарын (оқулықтар, дәптерлер, кеңсе тауарлары және т.б.) пайдаланады;
  8. әр сабақтан кейін кабинеттерді желдету, кварцтау;
  9. әр сабақтан кейін қолды жуу және арнайы құралдарды қолдану.
«Сонымен қатар, арнайы түзету мектеп-интернаттарының бастауыш сынып оқушыларын оқыту дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын болады. Сыныптардың орташа саны 10-12 адамды құрайды. Биыл бастауыш сыныптардағы балалар саны 1034 оқушы 90 сынып бар», – Ләззат Жылқыбаева.