Иесінің мың бас қойын сатып жіберген шопан ұсталды

Иесінің мың бас қойын сатып жіберген шопан ұсталды

Иесінің мың бас қойын сатып жіберген шопан ұсталды
ашық дереккөзі
Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі осы өңірде шопан қожайынның мың бас қойын сатып жібергенін хабарлады.  Отырар аудандық ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, оның мың бас қойының жоғалғаны туралы арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, бұл қылмысқа қойшының қатысы болуы мүмкін екені мәлім болды. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 53 миллион теңгеден асты. Отырар АПБ-нің полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің ізіне түсіп, оны Нұр-Сұлтан қаласында ұстады. Жедел уәкілдер жасырынған шопанды полиция бөліміне жеткізді. Ол өз әрекетін толық мойындады. Тергеу барысында күдікті екі жыл ішінде жәбірленушінің 1060 қойын бөліп сатқаны, ал ақшасын өз қажеттілігіне жұмсағаны анықталды. Бүгінде тәртіп сақшылары ұрланған 30-ға жуық қойды заңды иесіне қайтарды. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.