Жаңалықтар

Биылғы Букер сыйлығы нидерландтық жас жазушыға табысталды

ашық дереккөзі

Биылғы Букер сыйлығы нидерландтық жас жазушыға табысталды

Әдебиет саласы бойынша 2020 жылғы халықаралық Букер сыйлығын нидерландтық жазушы Марика Лукас Рейневельд жеңіп алды. Букер тарихындағы ең жас лауреат.  Бұл туралы ӨзА хабарлайды.  Небары 29 жаста Букер сыйлығын алуға мүмкіндік берген жас жазушының дебюттік романы «Ыңғайсыз түн» (The Discomfort of Evening) деп аталады. Туынды жарыққа шыға сала бірден әлемдік бестселлер қатарына еніп, алғашында Нидерландыда 55 мың тиражбен сатылса, кейіннен бұл шығарма француз, испан, корей, қытай, араб және ағылшын тілдеріне аударылып басылды. Жазушы Марика Лукас Рейневелд 6 жыл өмірін арнаған шығармада қиын жағдайға тап болған консервативті христиан фермердің отбасы жайлы баяндайды. Романдағы басты кейіпкер өз отбасын сақтап қалуға тырысады, бірақ жағдай кері кетіп, отбасы арасы тым алшақтап кетеді. Інісі құздан құлап мерт болса, ағасы жануарларды аяусыз қинайтын қатігезге айналады. Бұдан кейін ата-анасы бұрынғыдан да бетер қатыбасқа айналады. Ал фермадағы мал басына аусыл ауруы келіп, шаңырақ осылай шайқала бастайды. The Man Booker Prize компаниясы тарапынан берілетін осынау марапат тарихында жазушы Марика Лукас Рейневельд ең жас лауреат атанды. Сыйлықтың регламентіне сай жазушы 50 мың фунт стерлинг сыйақы алады. Ал оны ағылшын тілінде оқырманға ұсынған биртандық аудармашы Мишель Хатчисонмен бөлісетін болады. Марика Лукас Рейневельдтің романынан басқа, Аргентина, Германия, Иран, Мексика және Жапония жазушыларының бес туындысы 2020 жылғы халықаралық букердің тізіміне енген. Биыл лауреат туралы хабарландыру мамыр айында өтуі керек еді, бірақ COVID-19 коронавирус пандемиясына байланысты оны тамыз айының соңына қалдыруға тура келді.