Магистратура және докторантура студенттеріне сабақ қашан басталады?

30 тамыз, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Магистратура және докторантура студенттеріне сабақ қашан басталады? ҚР Білім және ғылым министрлігі телеграм-каналында жаңа оқу жылында магистратура мен докторантура студенттерінің қалай оқитынын түсіндірді. МАГИСТРАТУРА Магистранттарды 14 қыркүйекте қашықтан оқыту басталады: 2 курс магистранттары үшін зерттеу жұмысы қашықтан ұйымдастырылады. Бұл ретте қажет болған жағдайда магистранттардың өтінішімен ғылыми-зерттеу жұмысын зертханаларда жүргізуге болады. Зертханалық және практикалық сабақтар жеке кесте бойынша әлеуметтік қашықтық пен күшейтілген санитарлық шараларды сақтай отырып жүргізіледі. Бұл кестені нақтылау үшін магистранттар өз ЖОО-ларына жүгінуі қажет. ДОКТОРАНТУРА Докторанттарды қашықтан оқыту 1 қыркүйекте басталады. 1 курс докторанттары үшін оқыту қашықтан жүргізіледі. Ал 2-3 курс докторанттары үшін зерттеу жұмысы қашықтан ұйымдастырылады. Бұл ретте, қажет болған жағдайда ғылыми-зерттеу жұмысы докторанттардың өтінішімен зертханаларда ұйымдастырылады. Зертханалық және практикалық сабақтар жеке кесте бойынша әлеуметтік қашықтық пен күшейтілген санитарлық шараларды сақтай отырып жүргізіледі. Осы кестені нақтылау үшін докторанттар өз ЖОО-ларына жүгінуі қажет. ИНТЕРНАТУРА МЕН РЕЗИДЕНТУРА Интернатура мен резидентурадағы оқу күндізгі және қашықтан оқыту форматында жүргізіледі.