Биыл ЖОО студенттері қашықтан оқи ма?

Биыл ЖОО студенттері қашықтан оқи ма?

Биыл ЖОО студенттері қашықтан оқи ма?
ашық дереккөзі
ҚР Білім және ғылым министрлігі телеграм-каналында жаңа оқу жылында бакалавр студенттерінің қалай оқитынын түсіндірді. БАКАЛАВРИАТ. 1 КУРС Күзгі семестр қашықтан ұйымдастырылады және 1 қыркүйектен басталады. Бұл күні барлық шаралар онлайн режимде өтеді. 1 курс студенттеріне ЖОО саясатымен және қашықтан оқыту форматымен танысу үшін 24 тамыздан бастап онлайн режимде апталық өтеді. Шалғай және интернеті жоқ өңірлерден келген және оқу құралы (ноутбук және т.б.) жоқ білім алушылар корпусқа бармай-ақ онлайн оқытуды қамтамасыз ететін компьютерлік техникасы бар жатақханаларда тұруға болады. БАКАЛАВРИАТ. 2-4 КУРС 2-4 курс студенттеріне оқу 1 қыркүйекте басталады. 20 тамыздан бастап ЖОО-лар өз студенттерімен онлайн кездесулер өткізеді. Педагогикалық, гуманитарлық, әлеуметтік және IT-бағыттар бойынша оқуды толық қашықтықтан оқыту форматына көшіру ұсынылады. Ал жаратылыстану ғылымдары, техникалық, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және өнер бағыттары бойынша аралас оқыту форматы көзделген. Дәрістер мен семинарлар онлайн форматта, зертханалық, практикалық және студиялық сабақтар – кампус аумағында өтеді, бірақ қазан айынан кейін басталады. Офлайн режимде өтетін пәндер туралы ақпарат алу үшін студенттер жоғары оқу орындарына жүгінуі керек. Шалғай және интернеті жоқ өңірлерден келген және оқу құралы (ноутбук және т.б.) жоқ студенттер корпусқа бармай-ақ онлайн оқытуды қамтамасыз ететін компьютерлік техникасы бар жатақханаларда тұра алады.