Алматы зообағы қайта ашылды

Алматы зообағы қайта ашылды

Алматы зообағы қайта ашылды
ашық дереккөзі
Коронавирусқа байланысты наурыз айынан бері жұмысын тоқтатқан Алматыдағы зообақ жұмысын қайтадан бастады. «29 тамыздан бастап ұзақ үзілістен кейін хайуанаттар бағы жұмысын қайта бастайды. Қайта ашылған күннен бастап адамдар келе бастады. Келушілерді зообақ аумағына сақтық шараларын сақтай отырып кіргізеді. Маска, қолғап кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау ережелері әлі де өз күшінде», – дейді зообақ қызметшісі Михаил Сорокоумов. Зообақтың кіреберісінде дезинфекциялау заттары, антисептиктер орналасқан бөлме бар, сондай-ақ келушілердің арақашықтығын сақтайтын белгілер де орнатылған. Еске сала кетсек, Алматы зообағы карантин кезінде онлайн режимде жұмыс істеді. Зообақ қызметкерлері әлеуметтік желілер арқылы ондағы жан-жануарлар карантин режимінде қалай өмір сүріп жатқандығы туралы айтып отырды. Бір айға жуық уақыт ішінде зообақ қызметшілері ұйымдастырған тікелей эфирді жарты миллионнан астам адам көрген.