Абай атындағы мемлекеттік сыйлық: шешуші кезеңіне өткен үміткерлер анықталды

Абай атындағы мемлекеттік сыйлық: шешуші кезеңіне өткен үміткерлер анықталды

Абай атындағы мемлекеттік сыйлық: шешуші кезеңіне өткен үміткерлер анықталды
ашық дереккөзі
Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен онлайн форматта 2020 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының 2020 жылғы 24 наурыздағы №292 Жарлығымен Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығының атауы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы деп өзгертілген еді. Екі жылда бір рет, сондай-ақ, қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының мерейтойлары өтетін жылдары Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы екі мемлекеттік сыйлығы беріледі. Комиссия отырысында әдебиет, кино, театр, музыка, сәулет және бейнелеу өнері салалары бойынша аталған Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған 39 жұмыс қаралды. Комиссия отырысы аясындағы жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша конкурстық іріктеудің шешуші кезеңіне өткен үміткерлер анықталды.